"Жақсы адамдарға беремін": Шымкентте баласын саудалайтындар пайда болды
Әлеуметтік желілерде таңқаларлық жарнаманың фотосуреті пайда болды. Онда Агата есімді қызды біреу жақсы адамдарға беретінін жазып, жарнамалаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірінші" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фотосуреттің астында QR коды бар. Жарияланымның авторының сөзіне қарағанда, ол қолданушыларды қалалық ғимараттардың бірінің мекенжайы бар бетке бағыттайды.
"Бұл қалжың ба?", "Жоғалып кеткен, өлген балалар көп кезде бұл сәтті қалжың емес", "Бейшара баланың саудасы ма?, Полиция істі тексеріп жатыр ма?", - деп желі қолданушылары шу шығарды.
Аталған факті бойынша полиция "адамдар саудасы" бабы бойынша іс қозғады.
Талқылау
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
Айта кетейік, қараша айында "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер" бағдарламалары бойынша өтініш қабылдау қайта басталады
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен