Жақында Динара Сәтжанның шаңырағында той болады

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның ұлы Даниал сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қуанышты хабарды дизайнердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті.
“Мен Айнұрды Данчик әскерде жүрген кезінде жақынырақ таныдым. Біз бірге барып, жағдайын біліп қайтатын едік. Сол сәттерде Айнұр өзінің адалдығын, сабырлығын және шынайы сүйіспеншілігін көрсетті. Ол Даниалдың жанынан табылған нағыз сүйікті жан”, – деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Динара Сәтжан балалы болғысы келетінін айтып, ЭКО-ны қарастырып жүргенін бөліскен еді.