Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлыбританиядағы жағалауда белгісіз жануардың өлексесі табылды

Өлексе жарытылыс

Фото: Clayton Boswell

Ұлыбританиядағы Англси аралы жағалауынан белгісіз жануардың өлексесі табылды. Өлексе жағажайда дауылдан кейін пайда болған. Жануардың төрт аяғы бар және тұяқтары болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жағалаудан табылған өлексенің терісі ішінара жүнмен жабылған. Алайда қатты шіріп кеткендіктен оның нақты қандай жануар екендігін анықтау қиын.

Жаратылысы белгісіз өлексенің суреттері әлеуметтік желіде тарап кетті. Желідегілер оны бұғы, сиыр, лама немесе альпаканың өлексесі болуы мүмкін деген болжам жасады. Жылқы деген нұсқа жоққа шығарылды, себебі табылған жануардың тұяқтары айыр тұяқты болып шықты. Ал жылқылар тақ тұяқты жануарларға жатады.

Былтыр Шотландия жағалауында “Өте оғаш дүниелер” (Stranger things) сериалындағы демогоргонға ұқсас тіршілік иесі жағаға шығып қалған еді. Демалушылар Итан өзенінің сағасы маңындағы, Форви табиғи қорығы жанындағы жағалаудан сирек кездесетін тереңде тіршілік ететің теңіз сегізаяғы — Haliphron atlanticus қалдықтарын көргенде қатты таңғалған еді. Бұл жаратылыс "жеті қолды сегізаяқ" немесе септопус деп те аталады.

Демогоргонды еске салған бұл тіршілік иесі ірі болған — тек оның қармалауыштарының өзі шамамен 50 сантиметрге жеткен. Лорен Смит есімді теңіз биологы, “Saltwater Life” ұйымының маманы, бұл табылған дүниені "ерекше" деп атап, жануардың дәл осы жағалауға қалай жеткені сол күйі жұмбақ  екенін айтты.

Айым Болатқызы
Жұма, 17 Сәуір, 2026 08:08