Жақында алғаш әке атанатынын жария еткен блогер Арчи болашақ сәбиінің жынысын анықтады

Жақында алғаш әке атанатынын жария еткен қазақстандық блогер Арчи (Артур Асқарұлы) гендер-пати жасап, болашақ сәбиінің жынысын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогер ұлды болатын болды. Ол гендер-патиді Алматыдағы Орталық стадионда өткізген.
Желі қолданушылары мен блогердің достары оны құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.
“Құттықтаймын”, “Ең бастысы ананың да, баланың да сау болуы, аман дүниеге келуі”, “Ұл болатынын біліп едім, құтты болсын”, “Керемет ұйымдастырылған гендер-пати”, – деп жазған олар.
Айта кетейік, бұған дейін Арчи лақап атымен танымал блогер сүйінші жаңалығын бөлісіп, жұбайының сәби күтіп жүргенін жариялаған еді.
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Алматыдан 120 миллион теңгеге пәтер берілмек
Әкімдік тұрғын үй 2026 жылы Милан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегеріне арналғанын айтты