Жахан: Балжанмен танысар алдында бір қызбен үйленейін деп жүргенмін
Жахан Отарғалиев отбасын құрар алдында өзге қызды жар етпек болған. Бұл туралы әзілкеш енді ғана жариялады. Бірнеше жыл сүрбойдақ болып жүрген актер қазіргі жарын кезіктіргенде бірден үйлену туралы шешім қабылдаған.
Бұл туралы TABOO бағдарламасында айтылды.
Жахан Отарғалиев әйел адам күйеуіне бағыну керек, ал ер адам анасының разылығын алу керек дейді. Отбасында әке бірінші орында, ал әйел оның бағынушысы болғаны дұрыс деген пікірде.
“Менің ата-анам қарапайым адамдар. Әкем – шопыр. Вахталық жұмыс істейді. Әкем әзілқой адам. Мен әкеме тартқанмын. Бірақ желіде көрінгісі келмейді. Сондықтан видео емес, тек фото жариялаймыз. Анам әкемізді көкке көтеріп жүрді. Біз үшін әке деген керемет ұғым. Әкем бізге ұрыспаса да, ұрмаса да, біз қорқып өстік. Әкем менің өнер жолyы таңдағаным үшін қатты ренжіді. Б3раз уақыт ренжіп жүрді. Ол кісілер ай сайын айлық алып жұмыс істегенді жақсы көреді ғой. Енді менің жетістіктерімді көріп, қуанып жүр. Ал анам өмір бойы мені қолдады. Қандай жолды таңдасам да, мені қолдап келді”, – деді актер.
Жахан адамның бақытты болуы ата-анасының алғысынан басталады дейді. Өмірде өзі де өз әкесі секілді әке болғысы келеді.
“Алла қалап перзент берсе, мен өз әкем секілді әке болғым келеді. Ұрмай-соқпай-ақ сыйлай алатын әке болғым келеді. Әкені жақсы көрсететін де, жаман көрсететін де әйелің. Сондықтан бәрі әйелге байланысты. Отбасындағы көңіл-күйді кіргізетін де, кетіретін де әйел. Бала тәрбиесінде әйелдің орны ерекше. Мен ешқашан әйелімді анамнан артық көрмеймін. Әйелімді жақсы көремін. Бірақ мен үшін анам бірінші орында. Анам оны біліп алып келініне тиісіп жүретін ене емес. Анам өте ақылды әйел. Мені де, келінін де жақсы көреді. Балжан да анаммен тез тіл табысты. Соған қуанамын”, –деді Отарғалиев.
Бірінші некесі сәтсіз аяқталғандықтан әзілкеш қазір көп уақытын отбасына арнап жүр. Айтуынша, жарымен бүгін ғана танысқандай. Сезімі өршімесе, бір сәт өшкен емес.
“Балжанмен танысар алдында бір қызбен үйленейін деп жүргенмін. Жақсы қыз деп ойланып жүрдім. Бірақ дайын болмадым. Түркияда Балжанды кездестіргенде, бірден үйленгім келді. Тағдыр солай болды. Үш ай ғана кездестік. Мен бірден бұрын ажырасқанымды айттым. Мен брін ашық айтатын адаммын. Бәрінің басын ашып алдым”, – дейді Отарғалиев.