"Жағдайы өте ауыр": Қарағанды облысында сарбаз оқ жарақатын алды
Қарағанды облысында 21 жастағы сарбаз оқ жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Жергілікті № 44841 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген сарбаз Қарағанды қаласының Приозерск қаласында орналасқан Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігінің әскери госпиталінде жатыр.
Әскери госпитальдегілердің мәліметінше, өкпесі зақымдалған сарбазға ота жасалған. Бүгінде жағдайы өте ауыр.
Портал мәліметінше, жараланған атыраулық сарбаздың туыстары болған жайт туралы хабардар екен.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды