"Жабық көрсетілімде айқай шығардым": Роза Әшірбаева кинопродюсер Гүлнұр Мамасариповамен ұрысып қалғанын жасырмады
Танымал коуч, эксперт Роза Әшірбаева кинопродюсер Гүлнұр Мамасариповамен ренжісіп қалғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Респонденттердің жеке парақшасынан алынды
Осыдан жарты жыл бұрын кинопродюсердің идеясымен түсірілген фильм коучтың көңілінен шықпаған.
“Есіме бір конфликт түсіп жатыр. Жарты жыл бұрын бәріңіз танитын Гүлнұр Мамасариповамен ұрысып қалғанмын. Өте ұятты нәрсе болды. Былтыр қазақстандық режиссердің түсірген фильмінің жабық көрсетіліміне барып, айқай шығардық. Фильмнің соңында бәрі қол шапалақтап, құрмет көрсетіп жатса, менің қатарымда отырған барлық блогер құрбыларым орнынан тұрып, “мынаусы несі?” дестік. Ол жерде әйелді өте төмен етіп суреттеген. Бүкіл режиссер мен журналистің алдында “не сұмдық” деп айқайға бастық. Әсіресе менің даусым қаттырақ шығып кетіпті. Біреудің киносын жоққа шығарып, еңбегін құнсыздандырмаймын. Бірақ көзге көрініп тұрған оғаш дүние айтылуы керек. “Жездуха” сериалында еркек әйел болып ойнап, біртүрлі қылықтар жасап жүреді ғой. Ол да соған ұқсайды. Дәл менің артымда Гүлнұр ханым отырады. Ол менің реакцияма қатты таңғалыпты. Мен залдан шығып, дәлізде тұрып ұрысты жалғастырамын. Әрине, сондай жанжалдан кейін, касса жинамайды. Ол кино туралы ешкім айтпайды да, жазбайды да”, – деп бастады әңгімесін блогер.
-
Үздік фильм – “Оппенгеймер”: "Оскар 2024" жеңімпаздары анықталды
-
"2 аптада 1 миллиард теңге": Құралай Анарбекованың фильмі рекорд орнатты
Айтуынша, сол жанжалдан кейін кинопродюсер өзі түсірген фильмдердің жабық көрсетіліміне психологты шақырмай қойыпты.
“Гүлнұр ханымның маған не үшін ренжігенін білемін. Өйткені жанжалға ұласқан фильмнің идеясын Гүләпше айтыпты. Содан кейін көп ұзамай “Жар-жар” фильмі шықты. Барлық блогер барды, мені шақырмады. 10 күннен кейін теледидарға бағдарламаға қонақ болуға бардым. Грим бөлмесіне кірсем, Гүләпшем отыр. Амандассам, көзінің қиығымен ғана қарады. Ондай қылығына ренжіп қалғаным рас. Бағдарламаны тастап кете алмайсың. Амалсыз күттік. Апам томырайып отыр. Мен қоймай әңгіме айта бастадым. “Келінжанға” разбор жасағанымды айттым. Сол кезде оқырмандарым: “режиссер Мамасариповаға қатты тиіскен жоқсыз” деп айтты. Сол кезде мен тұрып, “Әйел әйелдің көзін шұқымайды. Кино саласы еркектерге арналғанымен, еркектерден де артық фильм түсіріп жүрген әйелдердің еңбегін құнсыздандырмауымыз керек” деп едім, апам бір кезде жібіді. Беті бері қарап, ашылып әңгіме айта бастады. Бір кезде жабық көрсетілімдегі фильм туралы түсіндірді. “Мен тек идеясын ғана айтып едім. Қалған сценарий, диалог, түсірілім барысына қатысым жоқ” деді. Солай сөйлесіп кеттім. Міне, тағы да бір фильмі жарық көреді екен, соған шақырту алып қуанып отырмын”, – деп жазды коуч.