"Жабайы аң сияқты": Нұр-Сұлтанда бір топ адамға балмұздақ лақтырғандар видеоға түсіп қалды (видео)
Нұр-Сұлтан қаласында балмұздақты тегін тарату акциясы кезінде адамдар бірін-бірі итеріп, қыса бастаған. Желіде тараған видео авторларының бірінің сөзінше, көпшіліктің мұндай әрекетінен шаршаған ұйымдастырушылар балмұздақты лақтыра бастапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Жерұйық» саябағының алдында өткен балаларға балмұздақ үлестіру акциясы жағымсыз жағдаймен аяқталды. Куәгерлер желіде оқиғаның видеосын жариялауда.
Видео кадрларынан балмұздақ таратып жатқан шатырға ересектер мен балалардың лап қойғаны байқалады.
Осылайша, тегін балмұздаққа таласқандар бір-бірін итеріп, қыса бастапты. Желідегі видео авторларының бірінің сөзінше, көпшіліктің мұндай әрекетінен шаршаған ұйымдастырушылар оларға балмұздақты лақтыруға кіріскен.
Желі қолданушылары тегін балмұздаққа таласқандарды сынады. "Жабайы аң сияқты" деп жазды олардың бірі.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Кәсіпкерлер Қаржы министрлігінің "таза парағына" наразылық білдірді: Компанияларға айыппұлдарды кешіруге рұқсат берілмеді
Кәсіпкерлер жаңа талаптарға байланысты наразылық білдіріп жатыр