Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүрсін Ерман тікелей эфирде Мұхтар мен Болатбекті қайта айтыстырып халықтың өзі бағалайтынын айтты

Мың жылдық тарихы бар алып Алматыны екі күн бойы жырмен тербеген «Алтын домбыра» айтысы мәреге жетіп бас жүлде – алтын домбыра, айтыстың шын жүйрігі, сыр сүлейі Мұхтар Ниязовқа бұйырған еді.

02310

Алайда, елдің пікірі екіге жарылып, көпшілік бас жүлдені алуға Болатбек лайық деп дауласты. Оған дүлдүлақындар да үн қосып, пікірін айтып жатты. Ал, Мұхтардың өзі жеңістің әділқазылардың шешімі екенін айтқан болатын.

Ел арасында дауға байланысты Жүрсін Ерман тікелей эфирде екі ақынды қайта айтыстырып, жеңімпазды халықтың өзі анықтасын деген ұсыныс жасады. Ол қазір өзінің емделіпжатқанын да айтып өтті.

“Ауруханада жатырмын. Бітеліп қалған қантамырларыма ота жасамақшы. Осыдан аман шықсам, бір жоспарым бар. Алтын домбыра туралы әртүрлі әңгіме айтылды ғой. Анығы Аллаға аян. Мұхтар мен Болатбектің арасында уақыты шектеусіз жекпе жек айтыс өткізгім келеді. Көрсетілімді қай телеарна мойнына алады? Демеуші болғысы келетіндер бар ма? Төрелікті халық жасаса қайтер еді. Қандай жолмен? Ақыл қосыңдар? Пікір айтыңдар. Сырттан сынай беру оңай. Ұлт өнеріне шын жанашыр болсаңдар соңынан жұдырық білеп әркімді сынағанша, қазір көмекке келіңдер. Жобаны жүзеге асыру үшін мен өліп қалмауым керек. Дұғаларыңа қоса жүріңдерші…” деп жазады Жүрсін Ерман желідегі парақшасында.

Талқылау