Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Апта бойынша жүктілік күнтізбесі: жүктілік қалай өтеді

Stan.kz жүктіліктің апта, ай, триместр бойынша қалай өтетіні жайлы пайдалы мәлімет ұсынады.

Апта бойынша жүктілік күнтізбесі: жүктілік қалай өтеді

Жүктіліктің алғашқы акушерлік аптасында әйел ағзасы кейінірек болатын ұрықтануға дайындала бастайды.

Екінші аптада бұл циклде жаңа өмір беретін жұмыртқа жасушасы, яғни «көшбасшы» анықталады.

Әдетте ұрықтану, екіншіден кейін – жүктіліктің үшінші акушерлік аптасы басталғанда жүреді. Яғни, мұнда піскен жұмыртқаның жасушалары көптеген шәует жасушаларының ішіндегі ең шапшаң және тұрақты енуызбен қосылады. Өзінің құмарлық нысанына толығымен берілетін сүюші еркек секілді, ұрық жасушасы да әйелдің жұмыртқа жасушасында толығымен ериді. Сөйтіп ата-ананың генетикалық ақпараты бірігіп, жаңа өмір басталады!

Төртінші аптада нәресте тез бөлінетін жасушалар жиынтығы сияқты болады. Егер оны үлкейтіп қараса, ұрық таңқурайға ұқсайды.

Ал жүктіліктің бесінші аптасында ең маңызды жүйенің қалыптасуы басталады. Сөйтіп, өздігінен өмір сүру үшін маңызды болып табылатын жүрек, тамыр мен тыныс алу жүйесі қалыптасады.

Келесі аптада болашақ баланың қолы және аяқтары, ішкі құлақтың бөлек бөліктері мен көмей пайда бола бастайды.

Жетінші аптада ұрықта бас ми белсенді дамып, асқазан-ішек жолдары мен өкпесі пайда болады.

Сегізінші аптада табиғат деген ұлы мүсінші шебер жұмыспен айналысады. Бұл кезде құлақ, мұрын және үстіңгі ерін, сондай-ақ қолдың саусақтары қалыптасады.

Жүктілікті жеңіл өткізу үшін әр күнге арналған кеңестер >>>

Жүктіліктің тоғызыншы аптасында ұрықтың арқасы түзеліп, құйрығы кебе бастайды. Сөйтіп баланың миы қарқынды дамиды.

Келесі аптада сүт тістер қалыптаса бастайды. Ұрық енді өзін соққы мен шайқалудан қорғайтын сыртқы қорғаныш сұйықтық қабықпен қоршалады.

Он бірінші аптада болашақ баланың жыныстық сипаттамалары белгілі болады. Ал болашақ ата-ана заманауи құрал-жабдықтардың көмегімен іштегі сәбидің жынысын біле алады. Сонымен қатар, ұрықта көздің түсі де анықталады.

Жүктіліктің он екінші аптасында болашақ нәрестенің іс жүзінде барлық ағза жүйесі қалыптасып болады. Ал қалған уақытта олар өсіп, дамиды.

Он үшінші апта жүктіліктің алғашқы триместрі аяқталады. Осылайша, бала орны – яғни, ұрықжолдас толығымен қалыптасып бітеді. Енді ол анадан балаға қоректік заттар мен оттегіні жеткізуге жауап береді.

Он төртінші аптада нәресте алғашқы нәзік түкпен жабылады. Ол өз кезегінде сәбиді қоршаған сулардан қорғайды.

Жүктіліктің 15-ші аптасында баланың кішкентай жүрегі тәулігіне 20 литрден артық қан өткізеді. Ал нәрестенің терісі жұқа және қызыл болады, ол сондай-ақ, ет жинаған баладан әлдеқайда ерекшеленеді.

Он алтыншы аптада ұрықтың басы кеудеге қатты жабыспай, бірте-бірте түзеледі. Сондай-ақ, бұл кезеңде баланың бетінің бұлшық еттері шыныққандықтан, бетін тыжырайтып, қабағын түйе алады.

17-ші аптада дененің жылу алмасуына қажетті «қоңыр май» жинала бастайды. Бірақ тері асты майы әлі қалыптаспайды.

Жүктіліктің 18-ші аптасында ортаңғы құлақтың құрылысы жетілетіндіктен, бала сізді ести бастайды. Сондықтан баламен әңгімелесіп және оған балалар әнін айтудың уақыты келді.

Келесі аптада бала өсіп және аяқ-қолдары айтарлықтай пропорционалды бола бастайды.

Жиырмасыншы аптада бала басында жұмсақ түктері бар, аяғы мен қолының саусақтарында кішкентай тырнақтары бар кішкентай адам болады. Ол іште жатып есінейді, сондай-ақ жұдырығын сорып, аунайды.

Жиырма бірінші аптада ағзаны жұқпалы аурулардан қорғауға жауапты болатын қан жасушалары өндіріле бастайды. Ал жетілген тіл бүртіктерінің арқасында ұрық қоршаған судың дәмін сезеді.

22-ші аптада нәресте қолын, аяқтарын, бетін сипап, саусағын сорады және аяқтарымен жатыр қабырғасынан итеріледі.

Жиырма үшінші аптада ұрық тері жасушаларының майымен қамданады.

Ал жиырма төртінші аптада сәби айтарлықтай үлкейіп, ет алады. Бұл уақытта бала бүкіл жатырды алып, оған бұрынғыға қарағанда қозғалу қиын болады.

Келесі аптада сүйегі бітіп, буындар пайда болады.

26-ші аптада сәби көзін аша алады.

Үшінші триместр жиырма жетінші аптадан басталады. Бұл кезде ұрықтың дамуы әлі аяқталмағанымен, салмағы 1000 грамм болатын нәрестенің барлық негізгі жүйелері жұмыс істейді.

28-ші аптада ми өсіп, жаңа жасушалар мен нейрондық байланыстар қалыптасады.

Жиырма тоғызыншы аптада сәби өз дене температурасын реттеп үйреніп болады.

Отызыншы аптада баланың көзі толығымен ашық болады. Бұл уақытта ол анасының ішімен өтетін қарама-қарсы жарықтарды сезеді.

Келесі аптада сәби қатты дауыс пен ауырсынуды сезе бастайды. Мысалы, дәрігерлер ішті сипаған кезде сіз баланың қозғалысын сезіне аласыз.

Жүктіліктің 32 аптасында бала сыртта не болып жатқанның бәрін жақсы естиді. Ол анасының жүрек соққысын, ішектің қозғалысын және кіндік арқылы өтетін қанның шуын танып, біледі. Міне, сондықтанда, нәресте дүниеге келгеннен кейін анасы оны кеудесіне басқанда тыныштанады. Себебі, бала өзіне таныс анасының жүрек соққысын бірден таниды.

33 аптада балада қозғалуға жеткілікті орын болады. Алайда күн сайын уақытша үйдің кеңістігі, яғни жатыр ол үшін тарыла бастайды.

Келесі аптада тері асты майы ұрық терісіне тегіс және қызғылт реңк беретін бала салмағының оннан бір бөлігі құрайды.

35-ші аптадан бастап нәресте ағымдағы салмағына (шамамен 2550 г) аптасына 200-220 грамм қоса бастайды.

Келесі аптада баланың беті тегістеліп, томпаяды.

37-ші аптада нәресте жарық дүниені көруге дайын және жатырда өзіне ыңғайлы позада жайғасып алады.

Отыз сегізінші аптада бала алғашқы түктерін жоғалтады және бастапқы майлау азайды.

Жүктіліктің отыз тоғызыншы аптасында жатыр қабырғасы уақыт өте тарылып, босануға жаттығады.

40-шы аптада тууға жақын қалғанда ұрықтың қозғалысы баяулайды. Ал баланың ішегі алғашқы нәжіске (үлкен дәрет) толып тұрады. Сондықтан, нәресте кез-келген уақытта дүниеге келуі мүмкін.

Жүктіліктің 41-ші аптасында болашақ нәрестенің барлық органдары мен жүйесі кез-келген уақытта өздігінен жұмыс жасауға дайын болады.

42-ші аптада баланың барлық саусағындағы тырнақтары мен шашы ұзын болып өсіп кетеді. Сондай-ақ, оның көздері ашық болады және бала қайтадан белсенді бола бастайды.

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Дина Смаилова: Қазақ қызы, сен "қыздығыңмен мақтан", себебі оған қалың мал төлейді

Смаилова: Жігіттер қыздарды әйелдікке емес, құл қылу үшін алады

Су сұрап үйге кірген: Ақтөбеде ер адам 9 жасар қызды аңдып жүріп зорлап кетті

Зорлықтан қиналған бүлдіршінді әкесі тапқан

Жаңа туған нәрестені ұрлап алған әйел оны ерлі-зайыптыға сатып жіберді

Қыздың ұрланған бала екенін әйелдің өзі де, күйеуі де білмеген

"Елбасы келгенде диван да келді": Нұрлан Қоянбаев "Түнгі студия" бағдарламасы туралы өз шындығын бөлісті

Продюсер: Аз қаражатқа жұмыс істеп жүргенде бізді қысқартып жіберді

Демалыс күндері ауа райы қандай болады: Синоптиктердің болжамы

Алматыда қар жауады

Түсік тастағанын күйеуінен жасырған әйел ауруханадан өзгенің баласын ұрлап кетті

Әйел 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

LRT ісіне қатысты елорда әкімінің экс-орынбасары іздеуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеу барысы туралы хабарлады

Нұр-Сұлтан мәслихат хатшысы қамауға алынды

«Астана LRT» ісінде бес күдікті ұсталды

Қырғызстанның экс-президенті арнайы күштердің сарбазын өлтірді деп айыптады

Атамбаев күштеп ұстау әрекеті кезінде сарбазды өлтірді деген күдікке ілініп отыр

"Колбин кет": Алматы облысындағы балабақша бүлдіршіндерінің қойылымы елді шошытты

Осындай іс-әрекеттерге жол берген жауапты адамдарға ең қатаң жазалау шаралары беріледі
Çàãðóçêà...