"Зейнеткер әйелді тепкілеп, көлікті қиратқан": Шығыс Қазақстан облысында сот төрағасы бұзақылық жасады деп айыпталды
Шығыс Қазақстан облысында мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы бұзақылық жасады деп күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақпаратты облыс прокуратурасы растады. Тергеу мәліметтері бойынша Ерболатов әйелді тепкілеп, көлікті қиратқан.
15 қарашада таңғы 5:30-да полицейлер күдіктіні ұстады. Прокуратура судьяға қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы екінші бөлігінің екінші тармағы “Бұзақылық” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын түсіндірді.
“Қылмыстық-процестік кодексінің 550-бабымен Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Ернар Ерболатовқа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім берілді. Қазір ШҚО полиция департаментінің тергеу бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр”, – деп мәлімдеді ШҚО прокуроры Аймат Байшолақов.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”