Зейнетақы жинағын алу ережесіне жаңа өзгерістер енгізілді
Индустрия және инфраструктуралық даму министрі Бейбіт Атамқұлов зейнетақы жиғаны алуға қатысты өзгерістер енгізілген ережеге қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік мәліметінше, жаңа ереже бойынша мынадай өзгерістер енгізілді:
- Үй алу мақсатында жинақты толықтыру. Алайда үш жыл аралығында тұрғын үй қарызын рәсімдеу міндетті.
- Үй салу мақсатында жер телімін сатып алу немесе жаңа жер телімінде жеке үй салу. Салымды құрылысқа арналған жинаққа кепілге қалдыруға болмайды.
3 желтоқсан күні БЖЗҚ 2022 жылы зейнетақы жинағын алу үшін жеткіліктік шегі бірден өсетінін хабарлаған еді. Өзгеріс депутаттар мен қоғам қайраткерлері,халық арасында сынға ұшыраған. Сонымен қатар жеткіліктік шегін есептеу үшін түсірілген өтініштер саны екі есеге көбейген.
9 желтоқсанда Пезидент Қасым-Жомарт Тоқаев аталмыш мерзімді 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін созуға бұйрық берді.
Қазақстандық ана жоғары сынып оқушылары ұлына жыныстық сипаттағы әрекет жасағанын айтты: Ол оқиғаның мән-жайын баяндады
Бұған дейін де оны 3 рет зорлаған
Батыс Қазақстанда әлем чемпиондарын ешкім күтіп алмаған: Бапкер елге қайту үшін несие алған
Спортшылардың жарысқа баруына қажетті қаражаттың басым бөлігін жаттықтырушы өз қалтасынан төлеген