Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зейнетақы төлемдерінен табыс салығын алып тастау бойынша шешімді кім қабылдайтыны айтылды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері табыс салығынан босатылуы мүмкін. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров осф мәселеге қатысты қашан және кім шешім қабылдайтынын айтты. 

"Зейнеткерлеріміздің табысын қолдау үшін зейнетақыны шешіп алу кезінде 10% көлемінде жеке табыс салығын салуды алып тастауды ұсынып отырмыз", – деді Нұрлан Байбазаров.



Оның айтуынша, ұлттық экономика министрлігі бұл норманы жаңа Салық кодексінен алып тастауды ұсынған. 

"Бірақ шешімдерді бәрібір парламент пен мемлекет басшысы қабылдайды", – деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын алған жағдайда төлеуге тиіс жеке табыс салығын (ЖТС) төлеуден босатылатыны туралы жазған едік. 

Талқылау