Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зеленский Украинаның бестен бір бөлігі Ресейдің бақылауына өткенін мәлімдеді

Ресей Украина аумағының шамамен 20%-ын бақылайды, майдан шебінің ұзындығы 1 мың шақырымнан асады. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский 2 маусымда өзінің Telegram-арнасында жарияланған Люксембург саясаткерлері мен халқына жолдауында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша бәрібір Украина өзін ресейлік әскерден қорғайды. Ресей әскерлері Украина аумағының бестен бір бөлігін басып алды. Олар 3620 елді мекенді бақылайды. Бірақ Киев әлі де оларды шығарудың мүмкіндіктері бар екеніне сеніп отыр.

Люксембург парламентінде бейнебайланыс арқылы сөйлеген Украина басшысы осы елдің билігіне Киевке қару жіберу туралы шешім қабылдағаны үшін алғыс айтты.

Бұған дейін Зеленский Украина қарулы күштерінен күн сайын 60-тан 100-ге дейін адам қаза тауып, 500-ге дейін адам жараланғанын айтқан.



Украиндық Алексей Бокоч өзінің Facebook парақшасында Ресей басып алған Украина аумақтарын (бар болғаны 20 пайыздан астам) басқа еуропалық мемлекеттердің аумақтарының көлемімен салыстыратын карталарды жариялады.

"Менің еуропалық достарым саясаткерлеріңіздің мәлімдемелерін тыңдаған кезде Украинаның Ресей басып алған осы аймақтарын есте сақтап, ескеріңіздер", - деп түсіндірді Бокоч.

Картада басып алынған аумақтар Германияның жартысына жуығына, Италияның жартысына жуығына немесе Швейцария мен Австрияның қосындысына тең екенін көрсетілген.

Бокоч карталарды өзі жасағанын немесе деректерді қайдан алынғанын нақтыламады. Американдық соғысты зерттеу институтының мәліметтері бойынша1 маусымдағы жағдай бойынша Украинаның басып алынған аумақтарының картасы келесідей:

2 маусымда Владимир Зеленский Ресей Украина аумағының 20 пайызын басып алғанын айтқан болатын.

"125 мың шаршы шақырым дерлік. Бұл Бенилюкстің барлық елдерінің аумағынан айтарлықтай үлкен ", - деді ол.

24 ақпандағы шапқыншылыққа дейін Ресей басып алған украин жерлерінің ауданы, украиналық тараптың мәліметі бойынша, ел аумағының 7% құрады.

Талқылау