Зеленский Тоқаевқа көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты
Украина президенті Владимир Зеленский Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен сөйлесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Бұл туралы Зеленский өзінің Telegram-арнасында жазды.
"Біріншіден, мен елімізге көрсетілген гуманитарлық көмек үшін алғысымды білдірдім. Мен әріптесіме Украинаның бейбітшілік формуласын жүзеге асыру бойынша қауіпсіздік кеңесшілерінің жұмысының нәтижелері және Жаһандық бейбітшілік саммиті алдындағы дайындық шаралары туралы хабардар еттім", – деп жазды Зеленский.
Сонымен қатар, ол бүгін Киевте күштеп қоныс аударылған украиндық балаларды қайтару жөніндегі халықаралық коалицияның отырысы өтіп жатқанын атап өтті.
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"