Зеленский соғыстың қашан аяқталатынын айтты
Украина президенті Владимир Зеленский соғыстың қашан аяқталатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Glavred басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның пікірінше, соғыс 2023 жылы аяқталуы мүмкін. Бірақ бұл "көптеген факторларға" байланысты. Зеленский елді НАТО-ның құрамына енгізу соғыстың аяқталуын жақындатады деп санайды.
"Соғыс биыл аяқталуы мүмкін. Бұл бірнеше құрамдас бөліктерге байланысты. Егер ұрыс даласында ілгерілеушілік болса, оларға қысым жасап, рухын толығымен сындырамыз", - деді Зеленский.
Бұған қоса, ол Ресеймен келіссөз жүргізу керектігін, бірақ бұл "ресейлік күш Украина жерінен толықтай шығарылғаннан кейін" мүмкін екенін айтты.
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"