Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зеленский Грузия мен Қырғызстандағы елшілерін Украинаға шақыртып алды

Украина Грузия мен Қырғызстандағы елшілерін елге шақырды. Бұл туралы сейсенбіде Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Біздің дипломаттар халықаралық құқыққа опасыздық жасап, айтқан сөздерінен тайған елдерге қатысты әділ шешім қабылдап жатыр. Біз Қырғызстандағы елшімізді консультация жасау үшін Украинаға шақырамыз. Ол мемлекеттер елімізге қарсы агрессияны ақтаған болатын", – деді ол өзінің Телеграм-каналында.

"Грузия елшісін бізге көмектескісі келетін еріктілерге кедергі жасағаны үшін және санкцияларға қатысты моральдық тұрғыдан бұрыс позициясы үшін шұғыл қайтарамыз", – деп қосты ол.

Ресей Украинадағы әскери операцияны 24 ақпан, бейсенбі күні таңертең бастады.

Кеше, 28 ақпанда Беларусьте Украина мен Ресей тараптары келіссөз өткізді.

Зеленский кеңсесі басшысының кеңесшісі Украина шешімді қажет ететін бірқатар басым бағыттарды ұсынғанын атап өтті. Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединский келіссөз бес сағатқа созылғанын айтты. Оның айтуынша, қос тарап күн тәртібіндегі барлық мәселені талқылады.

Ортақ позицияны болжауға болатын бағыттар айқындалды. Алайда келіссөз әлі жалғасады, деп хабарланды.

Алдағы күндері тағы кездесу өтеді. Келіссөз кезінде әскери қимылдар тоқтаған жоқ, әлі де жалғасып жатыр.

Талқылау