Зайсанда монша қазандығы жарылып бір адам көз жұмды
Шығыс Қазақстан облысында көпшілікке арналған моншада қазандық жарылып, бір адам көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алдын ала мәлімет бойынша марқұм моншаның иесі болуы мүмкін.
"Бүгін түнде Зайсан ауданында төтенше жағдай орнында шұғыл кеңес өткіздім. Арнайы комиссия оқыс жағдайды тексеруге кірісті. Алдымен анықтаушылар мен инженерлік зертхана қызметкерлері көпшілікке арналған моншаны жылытуға арналған қазандықтың жарылу себебін анықтайды", – деді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев.
Марқұм Серік Намазбаев көпбалалы әке болған. Кіші қызы небәрі 9 айлық.
"Зардап шеккен екі адаммен кездестім, олар есін жиған, қазір аудандық ауруханада. Дәрігерлер қажетті көмек көрсетіп жатыр", – деп қосты әкім.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше бір қабатты моншадағы қазандық жарылып кеткен. Бұл кезде моншада келушілер болмапты.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті