Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зарина Омарова кезінде хит болған “Жан гүлім” әніне жаңа клип түсірді (видео)

“Қайда жан гүлім, Жайна таң нұрым!” Зарина Омарованың орындауындағы бұл әнді 90-жылдардың балалары жақсы біледі. Бұл әнсіз той да, думан да өтпейтін. Ол шақта жұрт бұл әнді іздеп жүріп, кассетадан тыңдайтын.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Осыдан 10-15 жыл бұрынғы өмірін сағынған жандарға Зарина Омарованың тосынсыйы бар. Әнші “Жан гүлім” әнін қайтадан өңдеп, су жаңа бейнебаян түсірді.

Клип “Той думан” арнасының YouTube-тегі парақшасында пайда болды.

“Кезінде ауылда магнитафоннан бақыртып тыңдаушы едік”, “Жас кезіміздегі хит ән еді, керемет”, “Қайран өтіп кеткен жастық шақ”, “Бала кездің естелігі”, – деп алғысын жаудырды тыңдармандар.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Бағым Мұхитденова “КешYou” тобының жүлдесіз қалғанына ренжіп қалды

Ашық-шашық киінген Жолдыбаева Мақпал Жүнісованың қаһарына ұшырады (фото)

Қобызшы қыздардан құралған “Асыл” тобы күтпеген жаңалықпен қуантты

Алагөзовамын: Баян Мақсатқызы Тұрсынғали Алагөзовке тұрмысқа шықты (фото)

Талқылау