Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ашық-шашық киінген Жолдыбаева Мақпал Жүнісованың қаһарына ұшырады (фото)

Кәмшат Жолдыбаева сахналық образбен тәжірибе жасағанды ұнататын әртіс. Алайда әншінің киген киімі мен өзін-өзі ұстау мәнері көпшілікке ұнай бермейді. Күні кеше “Жыл таңдауы-2017” Ұлттық музыкалық жүлдесіне Леди Гага стилінде келген Кәмшат жұрттың жағасын ұстатты, деп хабарлайды Stan.kz.

Жолдыбаева да жүлдені еншілеген әртістер қатарында. Қуанышты жаңалығымен желіде бөліскен ол елдің құттықтауына емес, даттауына ұшырады.

“Менің қоржынымдағы тағы бір жүлде. “Жыл таңдауы-2017″, достар маған дауыс бергендеріңіз үшін рахмет”, – деді Кәмшат.

Өз кезегінде желі оқырмандары актрисаны жерден алып, жерге салды.

“Елдің назарын аудару үшін не істемей жатыр?” “Күннен күнге төмендеп барасың, бұрын ұнатушы едім”, “Бара бара ұятсыз болып барады”, “Сіңлісі Алтынай жолда қалайын деп тұр ғой” – иә, бұл Жолдыбаеваға жазылған пікірлердің бер жағы ғана.

Кәмшаттың образы желі оқырмандарының ғана емес, Халық әртісі Мақпал Жүнісованың да қаһарына іліккен. Мақпал Мұхамедиярқызы Кәмшаттың сахналық образына қатысты ойын PR-менеджер Ринат Тәттібайдың парақшасында жазған.

“Образы жараспайды”, – деп бір-ақ ауыз сөзбен кесіп айтты Халық әртісі.

Халық айтса, қалып айтпайды! Елдің пікіріне мән бермейтін Жолдыбаева күндердің күнінде халықтың кеңесіне құлақ асар деп үміттенеміз.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Қобызшы қыздардан құралған “Асыл” тобы күтпеген жаңалықпен қуантты

Өте бай көрінеді: Бритни Спирстің визажисті Жұлдыз Әбдікәрімова туралы пікірін айтты

Елге танымал әншілер Сара Тыныштығұлованы екі мәрте өлтірмекші болған

Жұбайынан жұлдыз жасағысы келген Қайрат Нұртасқа әріптестері қарсы шықты

Талқылау