Зардап шеккендер бар: Атырауда балалар аттракционы құлады
Атырауда әткеншек құлап, балалар зардап шекті. Облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдай 16 шілдеде, шамамен 22:30-да болған. Ата-аналар балаларды аттракционға отырғызған, бірақ әткеншектер бірден тоқтап, құлаған.
"Балалар жеңіл жарақат алды. Алдымен оларды жедел жәрдем көлігімен облыстық балалар ауруханасына апарып, кейін үйлеріне қайтарды", – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Атырау облысы бойынша ПД баспасөз қызметі ҚК-нің 141-бабы "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады