Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Зардап шеккен адамның бір көзі көрмей қалған": Бауыржан Әшіғалиевке не себепті іздеу жарияланғаны белгілі болды

Анасының жүргізушісін ұрғаны үшін сотталған музыкант Бауыржан Әшіғалиевке іздеу жарияланды. Ол 8 ақпанда апелляциялық сот оған бір ай бұрын шығарған үкімді өзгеріссіз қалдырғаннан кейін қашып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сол кезде Алматы қаласының Алмалы аудандық соты гитарист, Jackpot тобының жетекшісі Бауыржан Әшіғалиевті Әнуар Құрманғалиевтің денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп тапты. Музыкант оны өз анасының көзінше аямай ұрғаны соншалық жәбірленушінің сол көзі көрмей қалған. 

Сот талқылауы барысында оқиға Әшіғалиевтің анасының жүргізушісімен болған қақтығысқа байланысты болғаны анықталды. Музыкант мәселені шешпек болған. 

Нәтижесінде ол орташа қауіпсіздік мекемесіне үш жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған рақымшылыққа орай жаза мерзімі 2 жыл 4 айға дейін қысқарған. Ал үкімнің өзгеріссіз қалғаны белгілі болған кезде, онымен келіспеген музыкант темір торға барғысы келмегесін қашып кеткен. Полиция оған іздеу жариялады. 

Еске сала кетсек, әнші Ксения Әшіғалиева күйеуі Бауыржан Әшіғалиевті ұрлап, өлтірмек болды деп айыптаған болатын. Сол кезде оны қорғаған әріптестері бүгінгі таңда ешқандай да пікір білдірмеді. 

Сотта ер адам бұл іске қатысы барын жоққа шығарды. 2020 жылдың наурыз айында ол қылмыс құрамының жоқтығы үшін ақталды.

2020 жылдың күзінде Ақтөбе қаласының тұрғыны Әшіғалиевті ұрып-соғып, соның салдарынан бір көзінен айырылды деп айыптаған. 2021 жылдың желтоқсанында сот музыкантты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп тауып, екі жыл төрт айға бас бостандығынан айырды.

Талқылау