Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Заңсыз эксгумацияға әкелуі мүмкін": Сенатор зираттарды жекешелендіруге тыйым салуды ұсынды

Сенат депутаты Андрей Лукин Қазақстанда жерлеу қызметтері саласында айтарлықтай мәселелер жиналып қалғанын айтты. Премьер-министрге жолдаған сауалында олардың ішінде заңсыз жұмыс істейтін жерлеу бюролары, зираттарды күтіп-ұстау проблемасы және мемлекеттік бақылаудың жоқтығы да бар екенін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

зират сток

Фото: pixabay.com

Сенатор Андрей Лукин зираттарды жеке меншікке беру қоғамда алаңдаушылық туғызып, бағаның өсуіне, жерлеу орындарына қолжетімділіктің шектелуіне және дәстүрдің бұзылуына әкелуі мүмкін дейді.

"Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жерлеу қызметтері нарығын бәсекелестік ортаға беру монополияға айналу және қылмыстық әрекетке ұласу қаупін тудырады. Бұл жерлеу орындарына байланысты алаяқтыққа, учаскелерді заңсыз сатып, ақшаға бөлуге, сондай-ақ жерлеу есебін жүргізуде түрлі алдарқатуға – жерлеу орындарын қайта сатуға, заңсыз эксгумацияға әкелуі мүмкін. Мұның бәрі азаматтардың құқығын бұзып, құқық қорғау органдарының жұмысына әсер етеді", – деп атап өтті сенатор Лукин.

Сенатор осыған байланысты зираттардың тек мемлекеттік меншік объектісі ретінде заңнамалық деңгейде бекітілуін, жерлеу рәсіміне мемлекеттік цифрлық есеп жүргізу жүйесін құруды, жерлеу қызметтері бағасына бақылауды енгізуді және жерлеу орындарына заңсыз мәміле жасауға қатаң жауапкершілік белгілеуді ұсынды.

"Марқұмдарды жерлеуге байланысты қатынастарды реттеу және жерлеу ісінің құқықтық негіздерін айқындау мақсатында уәкілетті мемлекеттік органдарға "Қазақстан Республикасындағы жерлеу және жерлеу ісі туралы" заң жобасын әзірлеуді тапсырған жөн деп санаймыз", – деді Лукин.

Талқылау