Іздеуде жүрген ресейлік "заңды ұры" Қазақстанда ұсталды (видео)
Қазақстанның құқық қорғау органдары “заңды ұры” атымен белгілі шетелдік қарақшыны ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: видеодан скриншот
Ішкі істер министрлігі, ҰҚК және бас прокуратурамен бірлесіп, Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы 19 мамырда 61 жастағы шетелдік қылмыскерді ұстады.
“Заңды ұры” атағына ие 61 жастағы шетелдік елге кірген. Ол Орал полициясына жеткізілді.
“Қажет тексеру іс-шараларын өткізгеннен кейін ер адам Қазақстан аумағынан Ресейге бағыт алып, көрші мемлекеттің құқық қорғау органдарымен құрықталды. Оған қатысты Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 210.1-бабы “Қылмыстық иерархияда жоғары дәрежені иелену” бойынша іс қаралып жатыр”, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Талқылау
"Біреулер көрсін, гей болсын демейміз": Қазақстандықтар желіде ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды қызу талқылап жатыр
Желі қолданушысы: “Бұл биліктің назарды мәселеден басқа нәрсеге бұруы”
Үш күн ұйықтамай жасадық – Duolingo-ны басып озған Aleem қосымшасының жетекшісі
App Store-дың жалпы рейтингінде көш бастаған Aleem қосымшасының негізін қалаушымен сұхбат