"Екі балаға 126 мың теңге": Әйелімен ажырасқан актер Нұрсұлтан Жақсыген алимент сомасын азайтуға арыз жазған
Отандық актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс жұбайы Фариза Алмазқызы шындықты жайып салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/fariza.almazovna/
Актер, жайдарманшы Нұрсұлтан Жақсыген екі ұлына төлейтін алимент сомасын азайтып беру туралы арыз жазған.
“Сот орындаушыдан хабар келді. Нұрсұлтан Жақсыген арыз жазып кетіпті. Алименттің бәрін төлей алмаймын, аз сома шығарып беріңіз деп талап қойған”, – деп жазды экс әйелі.
-
"Далада қалдыратын әке емеспін": Нұрсұлтан Жақсыген ажырасып кеткенін растады
-
"Кішкентай ит өлгенше күшік болады": Жеңіс Ысқақова белгілі әзілкештің бойы туралы
Актердың бұрынғы әйелі Фариза Алмазқызы актердың бұл әрекетіне таңғалған.
“Күшті әке екеніне, балаларыма көмектесіп тұрамын дегеніне сеніп қалдыңыздар ма? Сондағысы екі балаға шыққан сома –126 мың теңге. Айсұлтанның коррекциялық орталығына дәрілерін қоспағанда, айына 300 мың теңге жұмсаймыз. Бұл жерге ештеңе салғым келмейді. Бірақ мына жақта басқа әңгіме айтып, желіде басқа әңгіме айтып отырғанына ішім ашиды. Талай рет ескерттім. “Кішкене артыңды ойла, кез келген іс-әрекетіңді ойланып жаса” дедім. Сөйтсем, “Артымды емес болашағымды ойлаймын, үйленіп бақытты болам” деді. Алиментке бұйрық шықты дегенде айтқан сөзі мынау: “Заң қазір сатылады, айналайын. Зор қылып шешіп аламын” деген. Менің осы әрекетім иттік іс болып тұр. Өзінікі таза періштенің ісі”, – деп жазды Фариза.
Фото: https://www.instagram.com/fariza.almazovna/
Еске салайық, актердың бұрынғы әйелі де ажырасып кеткендеріне өзі де әлі күнге дейін сенбейтінін айтқан еді.