Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Заманбек Нұрқаділовтің өлімі бойынша іс қайта тергеледі: Бас прокуратура ақпаратқа пікір білдірді

ҚР Бас прокуратурасы Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты қылмыстық іс қайта тергеле бастағанын жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алайда Заманбек Нұрқаділовтің ұлы жіберген өтініштің қаралып жатқанын растады.

Бұған дейін марқұмның ұлы Қайрат Нұрқаділов ведомстводан әкесінің қайтыс болғаны туралы істі қайта тергеуді талап еткен болатын. Саясаткердің ұлы Заманбек Нұрқаділовтің ресми ақпараттағы мәліметтегідей өз-өзін атып өлтірмегенін, оны белгісіз адамдардың атып өлтіргенін мәлімдеген. 

"Әлеуметтік желілерде Бас прокуратура Заманбек Нұрқаділовтің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді қайта бастағаны туралы ақпарат таралуда. Бас прокуратура бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Қайрат Нұрқаділовтің арызы ведомствода қаралуда", –  делінген таратылған хабарламада.



Қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділов 2005 жылы 12 қараша күні қаза тапты. Оның денесінде үш оқтың ізі болды.

Екеуі кеудесінде, біреуі басына тиген. Ресми қорытындыға сәйкес, Нұрқаділов өз-өзіне қол салған.

Танымал әнші Мақпал Жүнісова Нұрқаділовтің жұбайы болған.

Талқылау