Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Z символына байланысты жанжалға тап болған ресейлік әйел қазақстандықтардан қолдау сұрады

Павлодар облысында автокөлікке жапсырылған Z әрпіне байланысты ресейліктер мен қазақстандықтар арасында қақтығыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желілерде тараған видеодан әйелдің не айтқаны естілгенімен, оның беті көрінбейді. Айтуынша, олар "Жасыбай" демалыс аймағының аумағында жүр. 

"Олар бізді немқұрайлы қарсы алды. Көлігіміздегі белгіні көре сала бізді “фашистсіңдер, Украинаға шабуыл жасадыңдар” деп айыптады (z жапсырмасы — шамамен. авт). Қазақ автобус жүргізушісі бізді мұнда ешкімнің жақтырмайтынын айтты. "Орыстар, сендер фашистсіңдер, бұл жерден кетіңдер" деді. Мен Ресейге қолдау көрсететін барлық қазақстандықтардың Павлодар облысындағы біздің көршілеріміздің қандай агрессивті адамдар екенін көргенін қалаймын. Біз көрші Новосібір облысынан келгенбіз", — дейді әйел.

Алайда, ресейлік әйелдің күткен қолдаудың орнына әлеуметтік желілердегілер керісінше реакция танытқан.

"Қараңызшы, ресейліктер Путиннің насихатымен қалай уланған. Олар Қазақстанға келіп, біздің халқымыз да олардың Украинаға жасаған жауыздық әрекетін қолдайды деп ойлайды. Осылай жасай тұра ол Қазақстан азаматтарының қолдауын күтіп, жазалауды қалайды"- деп жазды Анель Адамова Twitter-де.

Әлеуметтік желінің тағы бір пайдаланушысы және журналист Азамат Майтанов "Қазақстанға Z фашистік символымен жүретін адамдарды кіргізбеуді" ұсынды.

"Өздеріне барып соғыс пен фашизмді насихаттасын!"- деп жазды Майтанов.

Мұндай қақтығыстар Қазақстанда апта сайын орын алады. 5 тамызда әлеуметтік желілерде Алматы тұрғыны автотұрақта Георгий лентасын қолданып, Z жапсырмасы тағып алған болатын. Бұған ашуланған басқа азамат оқиға орнына полицияға шақырды. 

Талқылау