"Масқара деректер": Премьер-министр биыл елімізде мопедтен болған жол апатынан 27 адамның қаза тапқанын айтты
Премьер-министр Олжас Бектенов биыл мопедтен болған жол апатынан 27 адамның қаза тапқанын айтып, Ішкі істер министрлігінен жауап алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay
Премьер-министр бұл факттердің масқара көрсеткіш екенін алға тартты.
"Биыл мопедтердің қатысуымен болған жол көлік оқиғасында 27 адам қаза тапты. Масқара деректер. Бұл мәселені қалай шешеміз?"- деді Бектенов ІІМ басшысына.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Сенатта барлық мопедтерді тіркеуді, оларға мемлекеттік нөмірлер беруді және басқаруға міндетті рұқсат алуды көздейтін заң жобасы бар екенін алға тартты.
Айтуынша 39 мың жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
“Олардың 202-і-ата-аналары жауапқа тартылған кәмелетке толмағандар. Жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл тұрағына бес мыңнан астам мопед жеткізілді”, – делінген хабарламада.
Бұған дейін ІІМ мопедтерді басқа көлік құралдары сияқты тіркейтінін, бірақ мопед сатып алғанын растайтын құжаттар талап етілмейтінін жеткізген болатын.