Юлия Путинцева Ролан Гаррос жарысының екінші айналымына өтті
Қазақстанның 2-ракеткасы Юлия Путинцева Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемдік рейтингте 89-орында тұрған Марина Заневскаяға қарсы ойын өткізді.
Алғашқы сетте отандасымыз 7:5 басым түсті. Кейін екінші сетте де 7:6 (7:3) есебімен жеңіп кетті. 2 сағат 17 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Юлия 16 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 3 эйс, 4 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті.
Юлия Путинцева екінші айналымда әлемнің 19-ракеткасы, қытайлық Чжэн Циньвэньмен ойнайды.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған

