Юлия Путинцева Италиядағы WTA 1000 турнирінде әлемнің ең үздік теннисшісіне қарсы ойнайды
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Италияда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Юлия Путинцева Италияның Рим қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші айналымында әлемнің ең үздік ракеткасы, Үлкен дулыға турнирінің 4 дүркін жеңімпазы польшалық Ига Свёнтекке қарсы ойнайды. Путинцева алғашқы айналымда италиялық Мартина Тревизанды 6:3, 6:4 есебімен ұтса, екінші айналымда америкалық Слоан Стивенсті екі сетте жеңді. Енді отандасымыз үшінші кезеңдегі матчын 12 мамыр күні өткізеді.
Айта кетейік, Путинцева Мадридте өткен WTA 1000 турнирінің ширек финалында отандасы Елена Рыбакинаға 6:4, 6:7, 5:7 есебімен есе жіберген еді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі

