Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қан қысымы көтеріліп кеткен”: Оқушысының анасынан сөз естіген мұғалімнің қызы жылап қалды

Зухра Мухарямова мұғалім анасы туралыФото: https://www.instagram.com/zahra.staar

Желіде мұғалімнің қызы ата-аналарға үндеу жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Зухра Мұхарямова әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, балалары мектепте оқитын ата-аналарға үндеу жасады. 

Оның айтуынша, бастауыш сыныпқа жетекшілік ететін 56 жастағы анасына оқушысының анасы 20 минут бойы айғайлап, түрлі сөздер айтқан. Салдарынан ұстаздың қан қысымы көтеріліп, жедел-жәрдем шақыруға мәжбүр болған.

“Неге әлемде әділетсіздік пен қатігез адам көп? Маған жаңа ғана анам хабарласты, жылағаннан сөйлей алмай тұр, қан қысымы көтеріліп кеткен. Бірден жедел-жәрдем шақырдық, мен сонда бара жатырмын. Не істерімді білмей тұрмын. Өйткені анамды мұндай жағдайға оқушысының анасы жеткізген”, – деді ол.

Ол биыл анасының жасына байланысты бастауыш сыныпқа жетекші болуына қарсы болғанын айтты. Дегенмен анасын ата-аналардың өздері өтініш айтып, көндірген көрінеді. 

“Мен биыл анамның жетекшілікке бастауыш сынып алғанына түбегейлі қарсы болған едім. Міне, ақыр соңында сол жаңа сыныптағы оқушының анасының кесірінен осындай жағдай болып тұр. Ол әйел анамның үстінен шағым түсіремін деп қорқытып, тіпті министрлікке дейін шығып, анамды жұмыстан шығарту үшін бәрін істейтінін айтқан. Анам оған “Егер сізге сынып немесе менің сабақ бергенім ұнамаса, балаңызды басқа сыныпқа ауыстырыңыз” деп ұсыныс жасаған. Ал ол әйел “Жоқ, ол осы сыныпта оқиды, мен сізді жұмыстан шығартуға тырысамын” деп жауап берген”, – деді ол.

Зухра Мұхарямова анасын барлық оқушы, өзге әріптес-ұстаздар және ата-аналар жақсы көретінін және олардың кез келгені анасының өітірік айтпайтынын растайтынын айтты.

“Құрметтім, тыңдаңыз, менде ана жалғыз. Егер анама бірнәрсе болса, мені ешнәрсе тоқтата алмайды. Кешіріңіз, әрине, бірақ өз баласын тәрбиелей алмай тұрып, жұртқа сөйлейсіз. Егер сіз адам сияқты сөйлесе алмайтын, керісінше, “аузыңды жап” деп ұстазға айғайлайтын, қарапайым әдеп пен тәрбие дегенді білмейтін болсаңыз, балаңыз өзіңізге ұқсаған. Алма ағашынан ұзаққа түспейді. Бұл жерде мәселе ұстазда емес. Қаласаңыз, басқа ата-аналардан сұрастырыңыз. Анама бәрі таңдана қарайды, жақсы көреді. Биыл анамды бастауыш сыныпқа жетекші болуға ата-аналардың өздері көндірген. Мен қарсы болдым, анам да қатты қаламады. Ата-аналардың өздері жалынып, көндірді. Себебі менің анам егде жастағы адам, жақында 60 жасқа толады. Мен оның денсаулығына көңіл бөлгенін қаладым. Анама алғыс білдірудің орнына, оған айғайлап, жағдайын нашарлатты. Мен анамның қандай адам екенін білемін, ол өте көп оқушыға білім берген, кез келгенінен сұрасаңыз, олар анамның қандай жақсы адам екенін айтады”, – деді ол.

Видео авторы бүгінде оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдердің арасында өзара сыйластық болғанын құптайтынын жазды.

“Мен барлық адамға өзі істеген ісі қайта алдына келуін тілеймін. Мен бұл видеоны бәрінің көргенін, түсінгенін қалаймын. Қазір бәрі оқушылардың арасындағы буллинг туралы айтады, бірақ ешқайсысы мұғалімдерге көрсетілетін құрметсіздікті байқамайды. Қашаннан бері оқушылар мен олардың ата-аналары өздерін ұстаздан биік бағалайтын болған? Бұл ақымақтық. Мен өзара сыйластықтың болғанын құптаймын, бірақ өкінішке қарай қазірді әлемде мұндай қарым-қатынас қалмаған сияқты”, – деді ол.

Балнұр Жұмаділла
Сәрсенбі, 26 Қараша, 2025 16:33
Талқылау