Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұшақ, коттедждер, жер": Сот Ертаев пен Ибрагимовтан 59 миллиард теңге өндіріп алды

Алматы соты RBK Bank-тен 144 миллиард теңге ұрлаған бұрынғы банкирлер Жомарт Ертаев пен Бақыт Ибрагимнен жәбірленушілердің пайдасына 59 миллиардтан астам теңге өндіріп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сот Роман Селицкий жәбірленушілерге Жомарт Ертаев пен Бақыт Ибрагим қайтаруы тиіс залалды өтеу сомасын үкімде жария етті. Зардап шеккендердің пайдасына ішінара өтелген шығынды ескере отырып, 59 миллиардтан астам теңге өндірілді. Өтеу сомасына мыналар кірді:

- 510 миллион теңге (1,18 миллион доллар) сомасындағы ақша және акциялар;
- 530 миллион теңге (1,23 миллион теңге) сомасындағы әртүрлі мүлік;
- "Alma Telecommunication Kazakhstan" АҚ акциялары 13 199 517 598 теңге (30,6 миллион доллар);
- 3,4 миллиард теңгеден астам қаржы тұратын(8 миллион доллар) ұшақ;
- Мәскеудегі пәтер;
- "Mercedes Maybach", "Range Rover" және басқа бизнес класс маркалы автомашиналары;
- әрқайсысы 180 шаршы метр курорттық аймақтағы екі коттедж;
- ауданы 2 458 шаршы метр үш қабатты әкімшілік ғимарат;
- ауданы 693,3 шаршы метр, жер учаскесі 0,69 гектар өнеркәсіптік база,
- жалпы сомасы 10 миллиард теңгеден (23, 2 миллион доллар) асатын бірқатар жер учаскелері бар.

Сондай-ақ, сот басқа сотталушылардан жалпы сомасы 4,5 миллиард теңгеден асатын залалды ерікті түрде өтеу туралы меморандумдар жасасқанын ескере отырып, залал сомасын өндіріп алу туралы талаптарды қанағаттандырды.

Жәбірленушілерге 1 158 853 746 теңге (2,6 миллион доллар) қолма-қол қайтарылды, жалпы сомасы екі миллиард теңгеге жуық машина, пәтер және үй түріндегі мүлік берілді, "Mercedes", "Lexus", "Audi" маркалы бизнес-класс автомашиналары және басқалары, тұрақ орындары, элиталық тұрғын үй кешендеріндегі, оның ішінде Алматы, Нұр-сұлтан, Шымкент қалаларындағы пәтерлер, алтын монеталар, 600 мың АҚШ доллары сомасына брендтік маркалардың сағаттары, 2,3 миллион АҚШ долларынан астам сомадағы шоттағы ақша тәркіленді.

Өтелген залалдың жалпы сомасы шамамен 54,3 миллиард теңгені (126,2 миллион доллар) құрайды.

Айта кетейік, Жомарт Ертаевқа қатысты сот үкімі шығып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Талқылау