AAPL
164.92 $
0.03 %
TSLA
850 $
-2.44 %
NDAQ
183.17 $
0.18 %
GOOGL
116.63 $
-0.57 %
FRHC
53.49 $
-1.62 %
AAPL
164.92 $
0.03 %
TSLA
850 $
-2.44 %
NDAQ
183.17 $
0.18 %
GOOGL
116.63 $
-0.57 %
FRHC
53.49 $
-1.62 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әрең қашып құтылдық": Алматы әкімі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қайда болғанын айтты

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тәртіпсіздік кезінде қайда болғанын, полицияның лаңкестердің алдында неліктен қарусыз жүргенін және содырларға оқ ату бұйрығы неге бірден берілмейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “31 арнаға” сілтеме жасап.

Әкімнің айтуынша, сол күні ол жұмыс орнындағы болып, ешқайда шықпаған.

"Бәріміз штабтағы жұмыс орнымызда болдық. Ешкім ешқайда кеткен жоқ. Бірінші түні-ақ мен мәлімдеме жасадым. Келесі күндері штабта отырдық. Менің басты міндетім Қорғаныс министрлігіне, Ішкі істер министрлігі мен басқармаға хабарласу болатын. Біз осы жұмыстармен айналыстық", - деді Сағынтаев 31 арна журналистеріне берген сұхбатында.

Ол барлық жұмыс өз мойнында болғанын атап өтті.

"Әр 5-10 минут сайын әңгіме, келіссөздер, жағдай, не болып жатқаны, қалада төтенше жағдай енгізу, қосымша күштер енгізу қажеттігі туралы баяндамалар болып жатты. Біз жұмыс орнында болып, жұмыс жасадық, үнсіз қалды деуге келмейтін шығар ", - дейді ол.

Сағынтаев содырлардың шабуылына ұшырағаны туралы да айтып берді. 

"Қосымша күштер келіп, арнайы жасақ әкімдікті, алаңды тазартқанда, мен және штабтағы әріптестерім алаңға әкімдікке бардық. Содырлар бізге оқ жаудырды. Жан-жақтан оқ атылды, әрең құтылып шықтық. Жүргізушінің кәсібилігінің арқасында аман қалдық. Ол болмаса барлығымызды атып тастар еді. Бірнеше адам жарақат алды. “Алматы” телеарнасының жүргізушісі қаза тапты”, - деді оңтүстік астананың әкімі.

Алматы әкімі сондай-ақ қаруланған содырлардың алдында полицияның неліктен қарусыз қалғанына қатысты пікір білдірді.

"Бұл Ұлттық ұлан, полиция қызметтері және әскери курсанттардың белгілі бір контингентінде қару болған жоқ. Қолдарында тек қалқан ғана бар еді. Кейбіреулерінде мүлде ештеңе болмады. Олар қорғану үшін дыбыс жарқылдарын пайдаланды. Ал содырлар олар шабуыл жасап, қарумен, таяқпен, таспен, темір құралдармен ұрып-соға бастады, қолдарында қару болмағаннан кейін күштік құрылым қарсылық көрсете алмады. Содырлардың барлығының көліктерінің жүк салғыштары ашық болатын. Мұндай суреттерді Ливияда, Сирияда, Ауғанстанда ғана көрген едік", - деп мойындады әкім.

Әкім қаруы барлар күш құрылымдарының өзі бұйрықсыз қаруды қолдана алмағанын жеткізді. 

"Адамдарға оқ ату туралы бұйрық болмайды. Бұйрық тек қарақшылар қатты өршіген кезде ғана берілді. Полиция ғимараттарына шабуыл жасалды, қанша адам өлді, полиция қорғана алмады. Полицияны ұрып-соғып, атып, тіпті ең сорақысы бастарын кесіп тастады", - деп түйіндеді әкім.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр