Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұлттық қор – балаларға": Қазақстандағы төлем БАӘ-нікінен не себепті аз екені белгілі болды

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ұлттық қордың бюджеттік несиелендіру және қаржы секторының өзара іс-қимылы департаментінің директоры Айбол Арғынғазинов Қазақстандағы балаларға төленетін төлемдер БАӘ-мен салыстырғанда неліктен бірнеше есе аз екенін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әлеуметтік желілерде ұлттық қордан төленетін ақша БАӘ-де балалар алатын қаражатпен салыстырылды. Біріккен Араб Әмірлігінде балаға ондаған мың доллар мен жер беріледі. 

БАҚ өкілдері қазақстандық балалардың ұлттық қордан 100 доллар және 52 цент алғанын ескере отырып, мұндай орасан зор айырмашылықты түсіндіруді сұрады.

"Әр мемлекеттің таңдаған әлеуметтік үлгісінде айырмашылық бар. Қазақстан өзін әлемдік қауымдастық алдында әлеуметтік мемлекет ретінде жариялады. Осыған сәйкес барлық әлеуметтік кепілдік республикалық бюджет есебінен, сондай-ақ ұлттық қордан елге аударылатын трансферттер арқылы қамтамасыз етіледі. Бізде әлеуметтік көмектің 70-тен астам түрі бар, басқа мемлекеттерде ондай жоқ", – деді бюджеттік несиелендіру және қаржы секторы мәселелері жөніндегі өзара іс-қимыл департаментінің директоры Айбол Арғынғазинов.

Бала Қазақстан азаматы болып, шетелде дүниеге келсе, оған туған сәттен бастап қаражат есептеледі. Ал шетелде туып, Қазақстан Республикасына қайтып келгенде ғана азаматтық алса, қаражат азаматтығын алған сәттен бастап есептеледі.

"Бұл жерде азаматтық алу басты шарт екенін айта кеткен жөн, қаражат кәмелетке толмаған, яғни 0-ден 18 жасқа дейінгі барлық балаға бөлінеді. Осылайша әр бала ұлттық қордан өз үлесін алады", – деп түсіндірді спикер.

Талқылау