Ұлттық киноны қолдау орталығының басшысы сыбайлас жемқорлыққа күдікті ретінде тергелуде
Ұлттық киноны қолдау орталығының басшысы тергелуде. Бұл туралы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлуге, орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюға көмектескені үшін аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша, сондай-ақ жалпы қамқорлығы пен салғырттығы үшін "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КЕАҚ басқарма төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деді ол онлайн брифингте.
Биғайдаровтың айтуынша, күдіктінің кінәсінің деңгейі туралы шешімді сот шығарады.
"Тергеу мүдделері үшін басқа ақпарат жария етілмейді", - деді Данияр Биғайдаров.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қалам лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген