Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының жатақханасынан 3-курс сарбазының мәйіті табылды
Алматының Бостандық ауданына қарасты Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының жатақханасында 3-курста оқитын курсанттың мәйіті табылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады. Курсант өз-өзіне қол жұмсаған.
"2023 жылдың 30 сәуірінде ҚР ҰҚК Академиясының жатақханасында 3 курс курсантының мәйіті табылды. Бостандық аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады”,- деді ведомство.
ҰҚК қайтыс болған курсанттың отбасына қолдау көрсетіп жатқанын айтты.
"Болашақ ойындары – 2026": Ауқымды сайыста Қазақстан намысын кімдер қорғайды
Сайыстың басталуына да санаулы күн қалды, ал ел намысын 5 команда қорғамақ
Қазақстандықтар туған күніне орай банктер, дүкендер мен брендтерден қандай сыйлықтар алады
Бүгінде нарықтағы бірқатар компаниялар туған күніне орай нақты бонустар есептейді