Ұлттық экономика вице-министрі бренд көзілдірігінің қанша тұратынын айтты
Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Тимур Жақсылықов Chopard брендінен сатып алған көзілдірігінің қанша тұратыны туралы сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Вице-министр көзілдірігін 10 жылдан бері тағып келе жатқанын, бағасын нақты айта алмайтынын айтты.
"Мен нақты айта алмаймын. Менің ойымша, 80-90 мың теңге шамасында. 10 жыл болды. Ол кезде курс мүлдем басқа болды", - деді Жақсылықов.
Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өзінің әлеуметтік желіде жариялаған суреттеріндегі Dolce & Gabbana брендінің көйлегі мен қымбат сөмкелеріне қанша ақша жұмсағаны туралы сұраққа жауап бергенін жазған болатынбыз.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі