Ұлттық банк Төрағасы сайлаудан кейін теңге құнсызданады деген қауесетке жауап берді
Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов кезектен тыс Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлағаннан кейін төл валютамыз құнсызданады деген қауесетке жауап берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ғалымжан Пірматов кулуарда ел арасында тараған қауесетке сенудің қажеті жоқ деп отыр. Тіпті Ұлттық банк сайлау қарсаңында валюта бағамына әсер етуде деген сөздің де шындыққа жанаспайтынын айтты.
“Біз валюта нарығында барлық іс-әрекетімізді ашық жүргіземіз. Алтын-валюта қорында ғана емес, Ұлттық қор валютасының сатылымы бойынша да. Тіпті біз басқаратын өзге қорлардағы валюта нарығында да жұмыстарымыз ашық. Мысалға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражат. Сондықтан елдегі теңге бағамына Ұлттық банк әсер етіп отыр деген мүлде шындыққа жанаспайды”, - дейді ол.
Айта кетейік, қазіргі уақытта теңгенің әлсіреп, доллардың нығайып қалғанын байқауға болады. Ақша айырбау пунктерінде 1 доллардың құны 462 теңгеден саудалануда.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салат, түрлі ассорти, стейк, жеміс пен десерт қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар
