Ұлттық банк пен KASE қаржы нарығындағы сауда тәртібін өзгертті
Қазақстан Ұлттық банкі мен KASE сәрсенбі күні өтетін қаржы нарығындағы сауда тәртібін өзгертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Теңге-АҚШ доллары валютасындағы сауда 9 наурызда Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де франкфурт аукционы форматында басталады", - делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Мұндай шешім сыртқы факторлар қысымы мен құбылмалылық кезінде валюта нарығындағы тұрақсыздыққа жол бермеу үшін қабылданған.
"Валюта нарығындағы сауда режимі туралы ақпарат уақытылы, ресми ақпарат арналары арқылы беріледі", - деп қосты ведомстводағылар.
Айта кетейік, қазір доллар ақша айырбастау пункттерінде 511,5-517,5 теңгеге саудалануда.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі