Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жаңа дизайнмен жаңа банкноттар айналымға енгізіледі: Ескі ақша қашанға дейін жарамды?

Қазақстан ұлттық банкі Қаржыгерлердің XI Конгресінде валюта банкноталарының жаңа сериясын таныстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет Ұлттық банктен

Валюта "Сақ стилі" элементтерінде көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейді.

Ұлттық банктің мәліметінше, жаңа банкноталар сериясы дайын болған кезде айналымға енеді. Номиналы 5 000 теңгелік жаңа дизайн үлгісіндегі алғашқы банкноталар осы жылдың соңына дейін қолданысқа шығатыны айтылды. 

“Халықаралық тәжірибеге сәйкес, банкноталардың дизайны жалған ақша жасауға жол бермеу және оның алдын алу үшін жетілдірілген қорғаныш қабілетін енгізу мақсатында кезең-кезеңімен жаңартылып отырады. Бұл орайда еліміздің мәдени құндылықтары мен тарихын насихаттау маңызды саналады”, – делінген хабарламада. 

Жаңа банкноталар төлемнің барлық түрі бойынша ҚР-ның бүкіл аумағында номиналды құнына қарай қабылдауға жатады. Сондай-ақ, ҚР-ның барлық банкі арқылы банктік шоттарға аударуға, айырбастауға және ұсақталуға міндетті. 

Талқылау