Ұлттар лигасы плей-офф кезеңінің барлық қатысушылары анықталды
УЕФА Ұлттар лигасы плей-офф кезеңінің барлық қатысушылары белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Плей-офф кезеңінің соңғы қатысушысы 27 қыркүйекте Португалия мен Испания арасындағы матч кезінде анықталды. Ойында 0:1 есебімен португалдықтар жеңіліп қалды. Жалғыз голды 88-минутта шабуылшы Альваро Мората салды.
Осылайша Испания құрамасы өз тобында бірінші орын иеленіп, Ұлттар лигасынығ плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Бұған дейін плей-офф кезеңіне Нидерланд, Италия мен Хорватия құрамалары да жолдама алған.
Лиганың финалдық матчы өтетін мемлекет жолдама алған елдер арасында анықталатын болады. Ал жартылай финалдағы жұптар ашық жеребе кезінде белгілі болады.
Жартылай финал 2023 жылдың 14 және 15 маусымында өтеді.Ал үшінші орын үшін матч 18 маусымға жоспарланған.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр

