Ұлытау облысында "Қазақмыс" кенішінен ер адамның мәйіті табылды
"Қазақмыс" корпорациясының кеніштерінің бірінде пышақ жарақатынан көз жұмған ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мәйіт "Қазақмыс" корпорациясына тиесілі "Жомарт" кенішінен табылды. Марқұм Өскеменнен іс-сапарға жіберілген Омаров атындағы шахта үңгілеу трестінің қызметкері болған. "Жомарт" кеніші Жезқазғаннан 300 км қашықтықта орналасқан.
"17 қарашада "Қазақмыс" корпорациясы кенішінің аумағында зорлық-зомбылық белгілері бар 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды.
Бұл факт ҚР ҚК "Кісі өлтіру" 99-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелген
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдікті адамдарды анықтау және ұстау мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп хабарлады Ұлытау облысының ПД баспасөз қызметі.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған