Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұлының қасынан шықпайды": Ерке Есмахан Raim-ның не үшін концерттерге қатыспайтынын түсіндірді

Танымал әнші Ерке Есмахан декреттік демалыста ұзақ отырмайтынын айтты. Келесі жылы жеке концертін беруді жоспарлап отырған көрінеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әнші жақында сәбилі болып, Ислам деген есім берді. Сондай-ақ, ұлының кіндік шешесін де айтты. 

“Исламның кіндік шешесі – Айнұр Асанберді. Кіндік әкесін әкесі өзі айта жатар” деп қысқа қайырды. Танымал журналист, блогер, Айнұр Асанберді де әншінің сөзін растап, жеке парақшасына видео жүктеді. 

“Кіндік баламды көріп, көзайым болдым. Кімге ұқсайтынын кейін айтам” деп жазды блогер. 

Сондай-ақ, Ерке Есмахан оқырмандарын толғандырған кейбір сұрақтарға жауап берді. 

“Енді тойға шығып, концерт беру ойда бар ма?” деген оқырман сұрағына: “Жоспар көп. Жеке концертімді келесі жылы жасайтын шығармын” деп жауап берді. Әншінің қалын киініп жүргенін байқаған бір оқырман: “Орамалды бұрыннан тағушы ме едіңіз” деп сұрады. “Босанғаннан кейінгі суық тиген ең жаманы. Болашақта денсаулыққа өте көп зиян келтіреді.Сондықтан қазірден бастап маңыздысы – сұлуынан жылуы. Уақыт өтсін, бұйырса шығамын шашымды жайып” деп қалжыңдады. Бөпесінің туғанына өз ата-әжесі келді ме деген сұрағына: “Тұңғыш немересін көріп, көңілі босады. Ата-әжесі келді. Баршаңызға бағып отырған баладан немере сүюді жазсын” деді. Желі қолданушысы Райымның концерттерде төбе көрсетпейтінін сұраған. “Уақытым жақындаған кезде демалыс алды. Желтоқсан айының ортасына таман шығады. Қазір ұлының қасынан шықпайды. Кеше машина жууға кетіп, орта жолдан “ұлымды сағындым” деп қайтып келіпті. Енді қалай жұмысқа шығатынын білмеймін”, – деп күлді. 

 

Талқылау