Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұлын ақтық сапарға шығарып салып тұр": Желіде Бейсен Құранбектің әкесінің видеосы жарияланды (видео)

Бейсен Құранбек Рамазан айының соңғы он күнінде мәңгілік бақиға аттанды. Жамбасы қасиетті Қадір түнінде жерге тиді. Жерлеу рәсіміне мыңдаған адам жиналды. Тележүргізушінің әкесі барша қазаққа, көңіл айтқан барша жұртқа алғысын айтты. 

Желіде Бейсен Құранбектің әкесінің видеосы тарады. Абай Құранбеков ет жүрегі езіліп тұрса да, барша қазаққа алғысын айтты.

"Бірлік болсын. Әбден рахмет айтамын. Алланың нұры жаусын" - деді Абай мырза. 

Марқұмды жерлеу рәсімі карантин уақытында өтті. Дегенмен карантинге қарамастан ағылған жұрттың саны көп. Журналистер мен әртістер, әншілер, өнердегі, өмірдегі жора-жолдастары, ағайын-туысы, шәкірттері, әріптестері түгел жиналды. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Өзі қайғыдан қан жұтып тұрса да, халыққа алғыс айтып тұрған БЕЙСЕН ағаның әкесі АБАЙ ата. Тектіден текті туады. Аллам сабыр берсін Сізге! Сізбен бірге бүгін аспан да жылап тұр, АТА! 😣😥 #қазақстан #талдыкорган #жетісу #бейсенқұранбек #айтуғаоңай #қарекет #😊🇰🇿🕌🕋🍼👼🏻👨‍👩‍👦‍👦💞🏘📚🤲🌎🍞🥛🍯🤝🏇🕊☀️ #😊🇰🇿🕌🕋🍼👼🏻👨‍👩‍👦‍👦💞🏘📚🌎🍞🥛🍯🤝🏇🕊☀️

Публикация от TAYLAN ELTAYULI (@el_taylan)

"Мықты болыңыз, аға. Балаңыз иманды болсын. Жаны жанатта болсын. Иншалла", "Иманды болсын, жұмақтың төрінен орнын болсыншы", "Тас түскен жеріне ауыр демекші иманды болсын Бейсен досым. Аллахтан келген бұйрыққа амал жоқ қой шіркін. Атамайлатсаң да, ботамайлатпа деген ғой қазақ", "Қайырын берсін, иманды болсын, арты той болсын", "Алланың бұйрығына ешкім шек келтіре алмайды", "Бәріміз ертелі-кеш сонда барамыз", -деп басу айтты желі қолданушылары. 


Санжар Керімбай: Бейсен Құранбектің моласына түнеген әйел Алпамыстай ұл табады


 

Талқылау