Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлымен төбелескені үшін: Ақмола облысында ер адам кішкентай баланы аяусыз соққыға жыққан (видео)

Желіде ер адамның кішкентай баланы ұрып-соққан видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде Степногорск қаласында бейнебақылау камерасына түсірілген видео жарияланды. Видеодан ересек ер адамның кішкентай баланы бірнеше рет ұрып, тепкілегенін көруге болады. Таяқ жеген баланың анасының айтуынша, 8 және 9 жастағы екі бала бір-біріне балағат сөздер айқаны үшін төбелесіп қалған. Сол кезде екінші баланың әкесі келіп әйелдің баласына қол көтерген. 

"Менің балам өзін бірнеше рет балағаттаған баламен төбелескені үшін оның әкесі тарапынан психологиялық және физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырады. Осындай агрессивті ересектердің өздерін дұрыс ұстауы және балаларымыздың құқығы қорғалуы үшін осы ақпаратты таратуды сұраймын", – дейді жәбірленуші баланың анасы. 


"Жертөледе 3 сағат ұстап, ұрып-соққан": Шымкентте колледж директорының орынбасары студенттерді соққыға жықты деп айыпталды


Ақмола облысының полиция департаменті балаға қол көтерген ер адамның жеке басы анықталғанын мәлімдеді.

"Ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмағандарды профилактикалық есепке алу шаралары жүргізілуде. Жасөспірімдердің ата-аналары бала тәрбиесінде өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылады", – делінген Ақмола облысының полиция департаментінің хабарламасында. 

Еске салсақ, бұған дейін Астанадағы мектепте 7-сынып оқушысы қатарласын соққыға жыққаны туралы жазған едік. 

Талқылау