Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұлыма рахмет айтам": Қайрат Нұртастың анасы жаңа зәулім үйін көрсетті (видео)

Айдарбековтер әулеті жаңа үйге қоныс аударды. Жұлдызды отбасы Айт мерекесін жаңа шаңырақта қарсы алды. Гүлзира Айдарбекова ол үшін ұлы Қайратқа алғысын айтты. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Үміт артқан ұл-қыздарыңыз бақытқа жеткізсін!🤲 @kair_n Айт - қуану, көтеріңкі көңіл-күй деген сөз. Бір дастархан басында жиналып, шаттанып құттықтасу.* *Айт - өзара шүйіркелесу. Сүйген жандарыңа сөздің ең əдемісін арнау.* *Айт - бауырмалдық. Жылы жүзбен жолығысып, арқа-жарқа құшақтасу, мұңдының мұңын бөлісу, көңілі жарымның көңілін табу.* *Айт - алысты жақындату, суып кеткен қатынасты жылыту. Нәпсіңді тізгіндеп, кішіпейіл кейіпке еніп бірінші боп xабар алысу, КЕШІРІМ сұрасу.* *Айт - көптен көріспеген жандармен жолығысу.* *Өміріміз АЙТ секілді қуаныш пен шаттыққа толы болсын...🤲

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Бұл туралы Гүлзира Айдарбекованың өзі мәлімдеді. 

"Айт құтты болсын! Әуелі Алла, екінші Қайрат ұлыма алғысым шексіз! Үміт артқан ұл-қыздарыңыз бақытқа жеткізсін! Айт - қуану, көтеріңкі көңіл-күй деген сөз. Бір дастархан басында жиналып, шаттанып құттықтасу. Айт - өзара шүйіркелесу.

Сүйген жандарыңа сөздің ең əдемісін арнау. Айт - бауырмалдық. Жылы жүзбен жолығысып, арқа-жарқа құшақтасу, мұңдының мұңын бөлісу, көңілі жарымның көңілін табу. Айт - алысты жақындату, суып кеткен қатынасты жылыту. Нәпсіңді тізгіндеп, кішіпейіл кейіпке еніп бірінші боп xабар алысу, кешірім  сұрасу. Айт - көптен көріспеген жандармен жолығысу. Өміріміз айт секілді қуаныш пен шаттыққа толы болсын", - деп жазды продюсер парақшасында.

Желі қолданушылары отбасыны жаңа қонысымен құттықтап жатыр. Бірі сын айтып жатыр. Олар мұны мақтаншақтық деп бағалады.

"Не деген үй! Бақыт толы болсын іші. Баршамызға жұғысты болсын деп тілеймін. Қанекей барша мұсылман қазағым осындай үйде тұрса еееех шіркін", "Керемет! Әр қазақ осындай үйде отыратындай бай болсын", "Алла қаласа маған да сіздің жолыңызды берсін", "Керемет үй. Құтты болсын. Бізге де осындай үйді Аллам нәсіп қылсын", "Дым көрмеген (из грязи в князи) адамның ісін істейтіндердің қатарынансыз! Қанша адам айтып жатыр "дүние мүлік байлықпен мақтана бермеңдерші қарапайым халықтың қытығына тимей деп. Жоқ қоймайды мақтанып бүкіл үйін түсіріп! Біз жақта ондай адамдарды көргенсіз дейді!", - деп жазды желідегілер.


Оқи отырыңыз:


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр