Әйел сот арқылы дүниеге келуіне мүмкіндік бергені үшін дәрігерден өтемақы өндіріп алды
Ұлыбританияда әйел анасының жүктілігі кезінде бақылаған дәрігермен соттасып, жеңіп шықты. Енді дәрігер әйелдің дүниеге келуіне мүмкіндік бергені үшін бірнеше миллион өтемақы төлейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Telegraph басылымына сілтеме жасап.
Скегнесс қаласының тұрғыны Эви Тумбс "омыртқаның ажырауы" деп аталатын ауытқумен дүниеге келген. Мұның салдарынан адамның аяғы сал болып, зәрін тоқтата алмайды.
Түсірген шағымға сәйкес, дәрігер жапа шегушінің анасына бірінші триместр кезінде фолий қышқылын ішу керектігін айтпаған. Сонымен қатар болашақ баланың денсаулығына қатысты қатер туралы ескертпеген. Бұл мерзімде әйелге жүктілікті тоқтатуға мүмкіндік болған.
Жапа шеккен Эви Тумбс өзінің дүниеге келуін дәрігер салғырттығынан болған қателік деп есептейді. Аталмыш жағдай бала көтеру кезінде салғырттық танытқан дәрігерлерді жазаға тартуға мүмкіндік берген.
Талқылау

Қазақстан қалаларында қоғамдық көлікпен жүру құны қанша
Талдықорғанда оқушылар мен студенттерге, сонымен қатар зейнеткерлерге жолақы тегін

"Жалғыз өзі шетелге барып келген қызға жоламаңдар": Әлеуметтік желідегі пікірлер қазақстандық арулардың наразылығын тудырды
Жігіттер: "Ол жақта не істеп келгендерін өздерінен басқа ешкім білмейді"