Ұлыбритания қазақстандық вакцина паспортын мойындады
Ұлыбритания Қазақстанның вакцина паспортын мойындады. Бұл туралы Ұлыбританияның вакцинация туралы ресми сайтында мәлімденді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі.

Ұлыбритания мойындаған вакциналар мен вакцина паспорттары бар елдер тізімі көрсетілген бетте Қазақстан туралы ақпарат пайда болды.
"Қазақстан бұл тізімге 2022 жылдың 11 ақпанында сағат 4:00-де қосылады. Вакцинация мәртебесі вакцина паспорттарымен расталады", – делінген хабарламада.
Вакцина туралы сертификатта денсаулық сақтау органы бергені, ағылшын, француз немесе испан тілдерінде болуы және аты-жөні, туған күні, вакцина маркасы мен өндірушісі, әр дозаны еккен күн мен мемлекеті елі/немесе төлқұжат берген орган көрсетілуі қажет.
Айта кетейік, Ұлыбритания қазір сегіз вакцинаны мойындады: Covaxin, Moderna, Johnson&Johnson, Novavax, Oxford/AstraZeneca, Pfizer BioNTech, Sinopharm Beijing, Sinovac-CoronaVac.
700 мың теңге бопсалады деген блогер полицияны үш рет жазықсыз түрмеге қамады деп айыптады
Блогер: "2021 жылы 3 ай 21 күнге, 2023 жылы 2 айға, 2024 жылы 1 жыл 6 айға қамалдым"
Намаз оқып, қызды салауатпен ұзатқан: Қазақстандықтар арасында тойдағы әрекет талқыға түсті (видео)
Жаңаөзендегі тойда дәстүрлі ән мен биге басымдық берілмеген