Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлан ауылының ұстазы Алматы қаласынан пәтер ұтып алды

Ойламаған жерден пәтердің иесі атанған ұстаз өзінің қуанышымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Мен бұған дейін ешқандай ұтыстарға қатысып көрмегенмін, шыны керек, өз басым сене бермейтінмін. Бұл жолы басқа банктен алған несиемді Halyk Bank-тен қайта қаржыландырдым. Банкте қызметті рәсімдеген кезде ондағы қызметкерлер ұтыс ойынына қатысуыма болатынын айтты. Тек уақытылы Homebank қосымшасы арқылы ақша аударып тұрсам болды екен. Аса қатты мән бермеген едім. Біз қаланың сыртында тұрамыз, Алматыда өз пәтеріміздің болғаны туралы үш ұйықтасақ, түсімізге кірмейтін. Бір күні осындай қуанышты жаңалық естіп отырмыз: Halyk Bank-тің ұтысының арқасында жаңа пәтер иеленіп жатқан жайымыз бар. Қыздарым қалаға сырттан келіп оқитын, енді олардың мектепке баруы біршама жеңілдейтін болды. Ұтыстың қатысушысы ретінде барша қазақстандықтарға мұндай мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар деп айтқым келеді. Сіздің де жолыңыз міндетті түрде болады, тек сенім керек.

Бағыңызды сынап көріңіз, ұтыс ойыны жылдың соңына дейін ай сайын ойнатылады. Бәлкім, Алматыда орналасқан "Хан Тәңірі" тұрғын үй кешеніндегі келесі үй сізге бұйырар!"  - дейді Ғалияш Барлыбаева. 

Естеріңізге сала кетейік, елімізде бірінші рет Алматының экологиялық жағынан таза ауданында орналасқан үш пәтер ойнатылып жатқан ауқымды науқан өтуде. Бұл ұтысқа қатысудың талаптары да оп-оңай: бар болғаны Halyk Bank-тен 2020 жылдың 20 желтоқсанына дейін ыңғайлы шарттар бойынша несие немесе бөліп төлеу арқылы тауар сатып алып, қызмет ақысын ай сайын Homebank қосымшасы арқылы төлеп тұру қажет. 

Ең алғашқы науқанның шарттарын орындап, айтулы тұрғын үй кешенінен баспаналы болған жеңімпаз кездейсоқ сандардың генерациясы арқылы Банктің желідегі ресми парақшаларында анықталды. Жеңімпазды анықтауға Halyk Bank-тің қызметкерлерінен тұратын тиражды комиссиясы мен лицензиялы нотариус қатысты. 

Осылайша Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Ұлан ауылының тұрғыны, төрт баланың анасы және мектеп ұстазы ұтыстың жеңімпазы атанып отыр. 

Бір рет несие рәсімдеп, 2020 жылдың  20 желтоқсанына дейін Homebank қосымшасы арқылы ақша төлеп тұрсаңыз, сіз де ай сайынғы әлі екі рет ойнатылатын үй ұтысына қатыса аласыз. Несиені неғұрлым ертерек алып, ұтыс шартарына сәйкес Homebank қосымшасымен қызметке ақша төлеп тұрсаңыз, соғұрлым Алматыда баспаналы болудың мүмкіндігі де артады. 

"Ай сайын пәтердің ұтыс ойыны" науқанына қатысу үшін 2020 жылдың 20 желтоқсанына дейін: 

1. Төменде көрсетілген несиелердің бірін рәсімдеу қажет: 

  • Бөлімшеде 500 000 теңгеден астам сомаға кепілсіз кредит
  • Homebank қосымшасында 200 000 теңгеден астам сомаға онлайн-кредит
  • Homebank қосымшасы арқылы 200 000 теңгеден астам сомаға онлайн бөліп төлеу
  • 1 000 000 теңгеден астам сомаға шұғыл қажеттіліктерге кредит
  • 1 000 000 теңгеден жоғары сомаға ипотекалық заем (соның ішінде "7-20-25", "Баспана Хит" мемлекеттік бағдарламалар бойынша).

2. Кез келген қызмет түрін Homebank қосымшасының көмегімен 7 қыркүйек - 20 желтоқсан аралығында төлеп тұру:

  • Ұтыс науқаны кезінде ай сайын кемінде 1000 теңгеге төлем жасау
  • Әр айдың 20-сына дейін бір рет төлем жасау.

"Ай сайын пәтердің ұтыс ойыны" науқаны бойынша несие алып, Homebank қосымшасында қызмет ақысын төлеп, Алматының айтулы "Хан-Тәңірі" тұрғын үй кешенінде баспаналы болудың бірегей мүмкіндігін қалт жібермеңіз! Несиені барынша ертерек рәсімдесеңіз, пәтер жеңіп алу мүмкіндігі де жоғарылайды. 

Науқан жайлы су жаңа ақпарат - ұтыс ойнатылатын күнннен бастап, олардың нәтижесіне дейінгі жаңалықтарды Halyk Bank-тің Instagram (@halykbank.kz) және Facebook желілеріндегі ресми парақшаларынан оқи аласыздар. 

Талқылау