ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Марат Өсіпов ұсталды
ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Марат Өсіпов қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ағымдағы жылдың 23 ақпанында соттың санкциясымен оған қатысты бұлтартпау шарасы – қамауға алу қолданылды", - деп хабарлады ҰҚК.
Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етілмейді.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовке және төраға орынбасарлары Садықұловқа, Ерғожинге және басқаларға қатысты билікті күштеп басып алу, мемлекетке опасыздық жасау және өкілеттігін асыра пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруда, деп хабарлады ведомство.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі